• Сөйлеу, көру, есту қабілеттері, тірек-қозғалыс аппараты, эмоционалдық-еркі саласы бұзылған, ақыл ойы кешеуілдеген, оқуда, қарым-қатынас жасауда, мінез-құлқында қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдері психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
  • Баланың проблемаларын мамандардың пәнаралық командасының (командалық бағалау) кешенді түрде зерттеуі, сонымен қоса баланың психологиялық, түзеу-педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін командалық бағалау арқылы анықтау;
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және құрастыру;
  • Жеке, шағын топтық, топтық, консультативтік сабақтар, қысқа мерзімде болу топтары түрінде түзеу-дамыту сабақтарын жүргізу;
  • Отбасы жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата–аналарға (заңды өкілдеріне) кеңес беру;
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау барысында жалпы білім беретін мекемелердің педагогтарына көмек көрсету табылады.