Сұрақтар:

  1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу"
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 2015 жылғы 16 шілдедегі № 173Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен Сізге бекітілген келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

Ата-анасының арызы (заңды өкілі),ата-анасының төлқұжатының көшірмесі(заңды өкілі),баланың туу туралы  куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа), Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру қорытындысы.

  1. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне неше жастан бастап келуге болады?

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрінің 2017жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы 9-қосымшасына сәйкес  түзеу кабинеті қызметінің үлгілік қағидалары  негізінде туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларға түзеу көмегін көрсетеді.

  1. Сабақтың барысы қанша уақытқа созылады?

Сабақ өткізу уақыты:жеке сабақ-20-30 минут,екі бес жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балаларға  топтық сабақ 35-40 минут,5-7 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы 6-18 жас аралығындағы балаларға 35- минут .

  1. Түзеу көмегі ерекше білімді қажет ететін балалардың қандай категорияларына көрсетіледі?

Психологиялық-педагогикалық  түзеу кабинеті  келесі түзеу  көмектерін көрсетеді: 1) есту қабілетінде бұзылыстары бар;

2) көру қабілетінде бұзылыстары бар;

3) сөйлеу тілінде бұзылыстары бар;

4) сөйлеу тілінің дамуында тежелістері бар;

5) тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар;

6) ақыл-ой дамуы түрлі деңгейде бұзылған;

7) психикалық даму тежелісі бар;

8) эмоциялық-еркі саласында және жүріс-тұрысында бұзылыстары бар;

  1. Қандай педагогтар түзеу көмегін көрсетеді?

Біздің кабинетте келесі мұғалімдер жұмыс жасайды: олигофренопедагогтар,  мұғалім-логопедтер, тифлопедагог, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, қысқа мерзімді топтың тәрбиешілері.

  1. Түзеу- дамыту оқытулары қандай құжатқа сүйенеді?

Түзеу-дамыту үдерісі мазмұны ерекше білім беруді қажет ететін балалардың психофизикалық даму және жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерінен әзірленетін жеке дамыту бағдарламасымен анықталады және баланың барлық негізгі даму салаларын қамтиды: сөйлеу, когнитивтік, әлеуметтік-эмоционалдық, моторлық және өзіне-өзі қызмет ету.